Қытайтану кафедрасының студенті «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының финалында Қазақстан намысын қорғадыFarabi University

Қытайтану кафедрасының студенті «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының финалында Қазақстан намысын қорғады

23 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 2-курс студенті Қанапияұлы Досхан Қытай тілін меңгеріп жүрген шетелдік студенттер арасында өткізілетін «Қытай тілі көпірі» атты 24-ші халықаралық байқаудың финалында Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Айта кетейік, Досхан Қазақстандағы іріктеу кезеңінде 1-орынды жеңіп алып, халықаралық финалда бақ сынауға жолдама алған болатын. Байқаудың финалдық кезеңі 2025 жылдың тамыз айында Қытайдың Фуцзянь провинциясы, Наньпин қаласында өтті. Нәтижесінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген қатысушылар арасынан үздік 30 қатысушы қатарына енді.

Финал аясында студенттер түрлі сынақтардан өтіп қана қоймай, Қытайдың әртүрлі қалаларын аралап, дәстүрлі мәдениетімен және интеллектуалды өндіріс саласындағы жаңа технологияларымен танысты. Қытай тарапы қазақстандық студенттің барлық шығындарын толықтай өтеді.

Жүлделі орынға ие болмағанымен, Қанапияұлы Досхан Қытайдың кез келген жоғары оқу орнында бір семестр тегін білім алуға мүмкіндік беретін грантқа қол жеткізді.

Бұл жетістік – қазҰУ студенттерінің білім мен мәдениетаралық байланыстарды дамытудағы әлеуетін көрсететін айқын дәлел.