Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да MIT профессоры Харви Лодиштің дәрісі өтедіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да MIT профессоры Харви Лодиштің дәрісі өтеді

22 қыркүйек, 2025

 

 

2025 жылғы 29 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай Массачусетс технологиялық институтының (MIT, АҚШ) профессоры, Уайтхед биомедициналық зерттеулер институтының негізін қалаушы Харви Ф. Лодиштің қатысуымен маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бағдарлама:

  • Көшбасшылық дәріс – «Жаңа технологиялар және ауруларды емдеуге арналған табысты биотехнологиялық компанияларды құру: жеке тарих» (11:00–12:30, ҚазҰУ, 15-қабат).

  • Зертханаларға бару – молекулалық биология, генетика және биотехнология кафедраларының зертханаларымен танысу (14:30–15:30, Негізгі оқу ғимараты №6).

  • Кампус-тур – ҚазҰУ кампусын аралау (15:30–16:30).

Арнайы қонақ: АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин.
Модератор: ҚР ҰҒА академигі, профессор, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ директоры Бисенбаев А.К.

Бұл іс-шара университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға және студенттер мен жас ғалымдарға тәжірибе алмасу мүмкіндігін беруге бағытталған.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы