PolyU–KazNU бірлескен қонақ дәрістер сериясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті және Гонконг Политехникалық университетінің (PolyU) Қонақ үй және туризм менеджменті мектебі (SHTM) академиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды.
PolyU–KazNU Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығының аясында SHTM оқытушы-зерттеушілері жүргізетін онлайн қонақ дәрістер сериясы өтеді. Дәрістер туризмдегі заманауи көзқарастар мен тәжірибені ашады: регенеративті және әлеуметтік тұрақты тәсілдерден бастап, гастрономия мен экотуризмге және туристік мобильділікті үлкен деректер арқылы талдауға дейін.
PolyU SHTM әлемдік үздіктер қатарында: ShanghaiRanking’s GRAS 2024 бойынша (Hospitality & Tourism Management) әлемде № 1, ал QS Subject 2025 бойынша (Hospitality & Leisure Management) университеттік бағдарламалар ішінде әлемде № 2.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды, оқытушыларды және саланың өкілдерін қосылуға шақырамыз!
Бағдарлама:
- 2025 ж. 26 қыркүйегі, жұма, 12:00 – Dr. Roshis Shrestha, Regenerative Tourism. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/81533222426?pwd=8gxcCdLN4DZw5miZaWq6b0SjKnVaN4.1
- 2025 ж. 10 қазаны, жұма, 12:00 – Prof. Nan Chen, Social Sustainability in Tourism Destinations. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/86052375757?pwd=1R1EsHwxaVLNiAFOaOzUR6UM7sk8Az.1
- 2025 ж. 15 қазаны, сәрсенбі, 12:00 – Dr. Tiffany Cheng, Service Learning and Ecotourism. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/87418171852?pwd=UWm7rEavbxj1pFxOkERezxgx5YMxfQ.1
- 2025 ж. 22 қазаны, сәрсенбі, 11:00 – Dr. Emily Chen, Tracking Tourist Mobility using Big Data Analytics. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/89844323505?pwd=WfxWxQIQiaHtSEbMpac1qHjZsVagW9.1
- 2025 ж. 24 қазаны, жұма, 12:00 – Dr. Tak Kanchanawat, Gastronomy Tourism. Zoom: https://us05web.zoom.us/j/83988413798?pwd=h6Ub6cR6ArTITY4Pm0z5Eta96YxnCs.1
Ұйымдастырушылар:
PolyU–KazNU Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасы.