«Тарихнама және деректану» курстары басталады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты 29 қыркүйектен бастап «Тарихнама және деректану» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастайды.
Курс тарих ғылымының негізгі бағыттарына арналған. Тыңдаушылар тарихнамалық мектептер мен бағыттарды талдап, деректану әдістерін тереңірек меңгеретін болады. Бағдарлама тарихи дереккөздерді саралау, ғылыми зерттеу әдістемесін жетілдіру және деректерді интерпретациялау мәселелерін қамтиды.
Курстың мақсаты – қатысушылардың теориялық білімін кеңейту, дереккөздермен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіру және заманауи тарихи зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Бұл курс болашақ тарихшылар, гуманитарлық ғылымдар зерттеушілері және білім беру саласының мамандары үшін пайдалы тәжірибе болмақ.
Басқа жаңалықтар
.jpg)
.jpg)