Профессор Войцех Куявскидің лидерлік дәрісі: ғылымға көзқарас және жас зерттеушінің жолы. ТДМ 4Farabi University

Профессор Войцех Куявскидің лидерлік дәрісі: ғылымға көзқарас және жас зерттеушінің жолы. ТДМ 4

25 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де Польша, Торунь қаласының Николай Коперник университетінің профессоры Войцех Куявскидің «How is the science run? – opportunities, challenges and threats at the early stage of the academic career» тақырыбына арналған лидерлік дәрісі өтті.

Ашық әңгіме форматында профессор жас зерттеушінің жолына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, маңызды сұраққа тоқталды: «PhD оқу – өмірдің қызықты кезеңі ме?»

Ол әрбір жетістік қателіктер мен қиындықтарды еңсеру тәжірибесінің нәтижесінде келетінін ерекше атап өтті. Профессордың сөзімен айтқанда: «behind every success is a series of failures» – болашақ ғалымның төзімділігі мен кемелдігі дәл осылай қалыптасады.

Дәріс тыңдармандар үшін физикалық химия, мембрандық химия және сепарация процестері саласындағы тәжірибелі зерттеушіден кеңес алу ғана емес, сонымен қатар академиялық мансаптағы ортақ сын-қатерлер мен болашақ мүмкіндіктерді талқылау мүмкіндігіне айналды.

 

Ұйымдастырушысы – Физика плазмасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының доценті Туреханова К.М.