ҚазҰУ – ESG және өңірлердің болашағын талқылау алаңыFarabi University

ҚазҰУ – ESG және өңірлердің болашағын талқылау алаңы

26 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы) «Аймақтардың тұрақты дамуының үштұғырлы ESG тұжырымдамасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан университеттері мен Массачусетс университетімен (АҚШ) бірлескен жоба аясында ұйымдастырылып, онда зерттеу нәтижелері ұсынылды. Конференцияда бизнестің ESG-қа бейімділігі және оның аймақтардың тұрақты дамуына ықпалы талқыланды.

Форумға Қазақстанмен қатар АҚШ, Португалия, Ұлыбритания, Ресей, Испания, Польша, Литва және Беларусь елдерінен ғалымдар қатысты. Конференцияның басты оқиғасы – арнайы монография мен баяндамалар жинағының тұсаукесері болды.

Іс-шара офлайн және онлайн (Zoom) форматтарында өтті.