- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің басшылығы ҚХР Білім министрлігінің Тілдік ынтымақтастық орталығы делегациясымен кездесуге қатысты
Шығыстану факультетінің басшылығы ҚХР Білім министрлігінің Тілдік ынтымақтастық орталығы делегациясымен кездесуге қатысты

25 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конфуций институтына Қытай Халық Республикасының Білім министрлігінің Тілдік ынтымақтастық орталығы (语合中心) директорының орынбасары Ю Тяньци бастаған делегация келді. Кездесу барысында халықаралық қытай тілі білімінің сапасын арттыру және оны цифрландырудың болашағы талқыланды.
Қытай тарапынан делегация құрамына Азия және Африка департаментінің өкілдері, оқыту және ресурстар бөлімі, сондай-ақ жоба менеджерлері кірді.
ҚазҰУ тарапынан кездесуге ғылым және инновациялар жөніндегі проректор М. Ибраимов, коммерцияландыру департаментінің директоры, Қазақстандағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалының ректоры Г. Алимас, халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ж. Абдиман, маман Б. Сариева, шығыстану факультетінің деканы М. Эгамбердиев, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразакынқызы, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ж. Сейламбаева және басқа да оқытушылар мен зерттеушілер қатысты.
Ю Тяньци ханым ҚазҰУ мен Конфуций институтының жетістіктерін жоғары бағалап, олардың халықаралық білім беру ынтымақтастығындағы маңызды рөлін атап өтті. Ол халықаралық қытай тілі білімін цифрландыру және интеллектуаландыру жағдайында Орталық серіктестерге жан-жақты қолдау көрсететінін, соның ішінде технологиялық сүйемелдеу, білім беру ресурстары мен платформалық шешімдер ұсынатынын айтты.
Кездесу барысында тараптар оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу және заманауи технологияларды оқу процесіне енгізу бағытындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.