- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🎓 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру» микробіліктілік бағдарламасы басталды
🎓 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру» микробіліктілік бағдарламасы басталды

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен және Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесе отырып, экономикалық қауіпсіздік саласында мамандар даярлауға бағытталған бірегей курсты жүзеге асыруда.
📌 Бағдарламаның мақсаты — сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыру: процессуалдық құжаттарды дайындаудан бастап, қаржылық тәуекелдерді талдау, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу және қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара әрекетке дейін.
📚 Курс құрылымы:
* теориялық дайындық (4 апта);
* практикалық дағдыларды пысықтау (6 апта);
* қылмыстық істердің макеттерімен және кейстерімен жұмыс (4 апта);
* жобаны қорытынды қорғау (1 апта).
🧩 Модульдер қамтиды:
* экономикалық қылмыстарды тергеп-тексерудің негізгі аспектілері;
* мүлікке қарсы қылмыстар;
* заңсыз ойын бизнесі;
* қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру;
* қылмыстық істің макетін модельдеу және қорғау.
✅ Ұзақтығы — 15 апта (10 академиялық кредит).
✅ Оқыту форматы — күндізгі, онлайн немесе аралас.
✅ Мақсатты аудитория — «Құқық», «Экономика», «Қаржы» мамандықтарының жоғары курс студенттері.
📖 Оқыту барысында ЕҚДР, СИОПСО және ИС СЭР симуляторларымен жұмыс, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен практикалық тренингтер қарастырылған.
📜 Курс соңында студенттер кәсіби құзыреттерін растайтын сертификат алады. Бұл олардың қаржылық мониторинг органдарында, құқық қорғау құрылымдарында және жеке секторда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.
Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуына сәйкес келеді. Атап айтқанда, ол ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы серіктестік» және ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарына қолдау көрсетеді.
Басқа жаңалықтар


