Биыл «Қазақстан криминологиялық қауымдастығы» өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.Farabi University

Биыл «Қазақстан криминологиялық қауымдастығы» өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.

27 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан криминологиялық қауымдастығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Торайғыров университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Жеке деректерді қорғау: қазіргі қазақстандық қоғамның цифрлық трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қылмыстану ғылымының дамуына және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар мерейтойлық наградаға ие болды.

Номинанттардың қатарында  Еуропа мен Азияның жетекші университеттерінің танымал ғалымдары мен тәжірибелі мамандары бар: Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің ректоры, ресейлік криминолог-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор И. М. Мацкевич; Ресей Федерациясының Ішкі істер министрінің кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор В. С. Овчинский; Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері О. А. Зайцев; Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы Г. А. Маткаримова; Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы факультет деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Б. Д. Рысмендеев; Қырғыз ұлттық университетінің құрметті докторы, заң ғылымдарының докторы, профессор К. Б. Осмоналиев және басқалар.

Отандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен мерейтойлық медальмен марапатталғандар қатарында: Қазақстан криминологиялық қауымдастығының Құрметті президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор И. И. Рогов; Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ш. Өмірәлі; «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор С. К. Жетпісов; Narxoz University Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Т. Е. Сарсенбаев; «Q» университетінің Академиялық құқық мектебінің профессоры, Ж. А. Ташенев атындағы университеттің «Құқық және бизнес» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Г. Р. Рустемова; ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор м.а., заң ғылымдарының докторы А. А. Темірбеков; Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор А. А. Сабитова және басқа да ғалымдар бар.

Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуына сәйкес келеді. Атап айтқанда, ол ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы серіктестік» және ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарына қолдау көрсетеді.