ТДМ-4: «Психологиялық қолдау қызметі» факультеттерде бірінші курс студенттерімен танысу циклін өткіздіFarabi University

ТДМ-4: «Психологиялық қолдау қызметі» факультеттерде бірінші курс студенттерімен танысу циклін өткізді

15 қыркүйек, 2025

ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі университет факультеттерінде бірінші курс студенттерімен бейімделу әңгімелерінің циклін өткізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – студенттердің университет өміріне әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан сәтті бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ академиялық ортада жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру болды.

Кездесулер барысында бірінші курс студенттеріне стрессті басқару, тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту, оқу мотивациясын арттыру және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, студенттерге университет психологтарының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды. Бұл шара студенттердің қажет жағдайда дер кезінде кәсіби көмекке жүгінуіне мүмкіндік береді. Осындай іс-шаралар студенттерді психологиялық қолдау жүйесін нығайтып, кураторлар мен тәлімгерлердің жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.