География және табиғатты пайдалану факультеті студенттері тимбилдингтеFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультеті студенттері тимбилдингте

28 қыркүйек, 2025

Командалық қарым-қатынасты нығайту мен академиялық қауымдастықты бір арнаға тоғыстыру мақсатында факультет деңгейінде тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды.

Бұл шара студенттердің тұлғааралық дағдыларын дамытуға, серіктестікке негізделген орта қалыптастыруға және университеттік өмірге бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, осындай бейформалды іс-шаралар топішілік сенімді арттырып, когнитивті және эмоционалды байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді.
Ал практикалық деңгейде – бұл ұйымшыл ұжым мен белсенді академиялық орта қалыптастырудың тиімді құралы.


Көлсайдың көркем табиғаты студенттердің психологиялық сергектігіне оң әсер етіп, оқу процесінен тыс уақытты тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.

Ынтымақ, қозғалыс, сергектік және ортақ мақсат – осы күннің басты формуласы болды.