Студенттердің «Таза Қазақстан» эко-практикасыFarabi University

Студенттердің «Таза Қазақстан» эко-практикасы

24 қыркүйек, 2025

Қазіргі экологиялық сын-қатерлер жағдайында жастардың қоршаған ортаға жауапты көзқарасын қалыптастыру және студенттерді табиғатты қорғау іс-шараларына тарту ерекше маңызды. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы (2024–2029 жж.) мұндай бастамаларға жас ұрпақтың қатысуына кең мүмкіндік беріп, білім беруді, волонтерлікті және табиғатты аялауды біріктіреді.

2025 жылдың 24 қыркүйегінде биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасы «Микробиология» мамандығының 2 курс студенттері ассистент профессор Абдулжанова М.А. жетекшілігімен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық акцияға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру және студенттерді нақты экологиялық бастамаларға тарту.

Эко-практика барысында студенттер қаладағы жасыл аймақтар аумағын тазалап, мектеп оқушыларына қоқысты бөлек жинау туралы шағын ағартушылық дәрістер өткізді.

Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауда ғана емес, сонымен қатар ел экожүйесінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын жаңа буынды тәрбиелеуде де үлкен маңызға ие. Студенттердің мұндай акцияларға қатысуы ортақ іске үлес қосу сезімін қалыптастырады, командалық жұмыс дағдыларын дамытады және әрбір адамның үлесі маңызды екенін көрсетеді.

Бұл тәжірибе студенттер үшін пайдалы практикалық машық қана емес, оқу мен белсенді әрі мәнді бос уақытты үйлестірудің жарқын үлгісі болды.