Болашақ аудармашылар және бейбітшілік құндылықтары: ТДМ 16 аясындағы кездесу
30 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 30 қыркүйекте шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» тақырыбына арналған іс-шара өтті.
«6В02304 - Аударма іс (батыс тілдер)» мамандығының 1-курс студенттері ЦДМ 16-ның негізгі қағидаларымен танысып, интерактивті пікірталасқа және топтық жұмысқа қатысты. Талқылау барысында олар аудармашының ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етудегі, мәдениетаралық делдалдықтағы және бейбітшілік пен әділеттілік құндылықтарын ілгерілетудегі рөліне назар аударды.
Бұл бастама студенттердің белсенділігін арттырып, өз идеяларын ұсынуға, сондай-ақ кәсіби және азаматтық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Аймагамбетова М.М.