Малайя университетінің профессорының қатысуымен халықаралық ынтымақтастықFarabi University

Малайя университетінің профессорының қатысуымен халықаралық ынтымақтастық

1 қазан, 2025

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының шақыруымен «7М04218 – Құқықтану (Неміс және халықаралық коммерциялық құқық)» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранттарына дәрістерді Малайзиядағы Малайя университетінің заң факультетінің доценті, PhD докторы Мохаммад Эршадул Карим (Mohammad Ershadul Karim) оқып жатыр.

Доктор Карим – Азиядағы құқық және технологиялар саласының танымал ғалымы, әрі сарапшысы. Ол нанотехнология бойынша докторлық дәрежеге ие, беделді Bright Spark бағдарламасының стипендианты. Оның ғылыми қызығушылықтарына жасанды интеллект, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, нанотехнологиялардың құқықтық және нормативтік аспектілері, жаңа технологиялар мен құқық, құпиялылық пен деректерді қорғау заңнамасы кіреді.

         Ынтымақтастық аясында доктор Мохаммад Эршадул Карим кафедраның 1 курс докторантының ғылыми кеңесшісі болып тағайындалды, сондай-ақ «ҚазҰУ Хабаршысы. Құқық сериясы» ғылыми журналының редакциялық алқасының құрамына енді.

 Доктор Кариммен әріптестік, біз үшін білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.