Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген кезекті жиналысFarabi University

Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген кезекті жиналыс

29 қыркүйек, 2025

    29.09.2025 ж. Бүгін студенттер үйлерінің меңгерушілері мен студенттік қалашық мамандарының бірлескен жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – студенттер үйлеріндегі тұрмыстық жағдайды, тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін талдау, сондай-ақ студенттерге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды үйлестіру және алдағы міндеттерді нақтылау болды.

   Кездесу барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу деңгейі, техникалық жабдықтардың жұмыс істеу жарамдылығы мен қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі жүйелерінің дайындығы сынды маңызды мәселелер қаралды. Сонымен қатар, студенттер арасындағы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау, жатақхана ішіндегі мәдени және әлеуметтік ахуалды жақсарту, сондай-ақ студенттік ұйымдар мен тәлімгерлік топтармен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Жиналыста студенттік қалашық аумағындағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары, күз-қыс маусымына дайындық, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар, сондай-ақ жатақханада тұратын студенттердің өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру және оларға жедел жауап беру жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар ұсынылды. Қатысушылар студенттердің жайлы өмір сүруіне жағдай жасау – бұл тек жатақхана меңгерушілерінің ғана емес, бүкіл студенттік қалашық ұжымының ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.