1 ҚАЗАН– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІFarabi University

1 ҚАЗАН– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

1 қазан, 2025

Қазан айының 1-жұлдызы, Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті. Факультеттің ардагер ұстаздарын ардақтау мақсатында студенттермен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Студенттер оқытушыларға арнаған ізгі тілектерін түлектер тақтасына жазып қалдырды.

Шараға факультеттің ардагер ұстаздары – Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы, Надирова Гүлнар Ермұратқызы, Мұқаметханұлы Нәбижан, Жұмажанова Фарида Тоқанқызы, Сейтметова Жанетта Раимбековна, Искакова Зәуре Еренқызы және Калиева Шынар Саяхатқызы қатысып, олардың білім саласындағы еңбектері баяндалды.

Бұл іс-шара ардагер ұстаздарды құрметтеумен қатар, студенттер мен жас мамандарға үлгі көрсету және факультет дәстүрлерін сақтау мақсатында өткізілді.

Сонымен қатар, Шығыстану факультетінде Қытайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы студенттерге арнап көшбасшылық дәрісін оқыды. Жастарға арнаған дәрісте факультетің негізін қалаған араб тілі бөлімінің профессор ғалымы Әбсаттар Дербісәлінің қалдырған еңбектері мен факультеттің тарихы ерекше аталып өтілді.

Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.