Халықаралық симпозиум «Integrating Sustainability into Education»Farabi University

Халықаралық симпозиум «Integrating Sustainability into Education»

3 қазан, 2025

Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті (HES-SO) және Swiss Global Competence Lab – Цюрих қолданбалы ғылымдар жоғары мектебі (ZHAW) «ConnectEurasia: designing collaborative online learning for sustainability» атты Movetia агенттігі қаржыландырған жобаның қорытындыларына арналған халықаралық симпозиумға қатысуға шақырады.

Күні: 14 қараша 2025 ж.
Уақыты: 08:00–11:00 (Швейцария уақыты, CET/UTC+1, GMT+1) / 12:00–15:00 (Астана уақыты, UTC+5)
Формат: онлайн

Тұрақты дамудың бүгінгі талаптары білім беру жүйесінен сыни тұрғыдан ойлай алатын, жауапкершілікпен әрекет ететін және орнықты болашақты бірлесіп құра алатын мамандарды дайындауды талап етеді.

Симпозиум барысында келесі мәселелер талқыланады:

• тұрақты дамуды білім беру бағдарламалары мен педагогикалық тәжірибеге енгізудің халықаралық үздік практикалары;

• мәдениетаралық құзыреттерді дамытуға және БҰҰ-ның ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс»мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған ConnectEurasiaжобасының нәтижелері;

• университеттер, бизнес және қауымдастықтар арасындағы әріптестік тәжірибесі;

• студенттердің COIL бағдарламасына қатысу тәжірибелері.

Бағдарлама өнеркәсіп үшін орнықты дамудың негізгі құзыреттеріне, тұрақтылықты білімге енгізудің заманауи тәжірибесіне және халықаралық ынтымақтастықтың білім беру құралдарына арналған пленарлық сессия мен параллель сессияларды қамтиды.

Симпозиум бағдарламасы: https://www.he-arc.ch/agenda/integrating-sustainability-into-education-sharing-international-experiences-and-best-practices-2/ 

Қатысу тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет.

Тіркелу сілтемесі: https://jp-portal.gestion.he-arc.ch/form/177