**Ғылыми–тәжірибелік конференция** **«Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін дамытудың мәселелері мен перспективалары: ғылыми және қолданбалы аспектілер»**Farabi University

**Ғылыми–тәжірибелік конференция** **«Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін дамытудың мәселелері мен перспективалары: ғылыми және қолданбалы аспектілер»**

4 қазан, 2025

2025 жылдың 3 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін дамытудың мәселелері мен перспективалары: ғылыми және қолданбалы аспектілер» атты ғылыми–тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара заң ғылымдарының докторы, профессор, әділеттің 3–сыныпты мемлекеттік кеңесшісі Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің есімін иеленген аудиторияның ашылуына арналды.Ё

Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараға сот және құқық қорғау жүйесінің өкілдері, ғалымдар, практиктер, адвокаттар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.

Құттықтау сөздерімен:

  • Дүйсенов Еркін Ерманұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор;

  • Рогов Игорь Иванович – Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор;

  • Жалайыри Өмірәлі Шакарапұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор;

  • Имашев Берік Мәжітұлы – «Нархоз университеті» ЕББҰ жанындағы Еуразиялық экономикалық–құқықтық зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты;

  • Бекназаров Бектас Абдыханович – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұрынғы орынбасары, ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жоғары сот кеңесінің бұрынғы төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты;

  • Мерзадинов Ерғали Серікбайұлы – «AML Academy» Қаржылық мониторинг академиясының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты;

  • Төлеген Мұхтар Әділбекұлы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор;

  • Бурибаев Ермек Әбілтайұлы – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор;

  • Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент.

Конференция аясында отандық криминологияның дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен практиктерге Қазақстан криминологиялық қауымдастығының “Қазақстан Криминологиялық Қауымдастығына – 25 жыл” мерейтойлық медалі табысталды.

 

Конференция барысында әділдік, сот реформасы және құқықтық қызметті цифрландырудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар тыңдалды.

Баяндамашылар қатарында:

  • Қарақұлова Гүлжан Аманбайқызы – ҚР еңбек сіңірген заңгері, прокуратура органдарының ардагері, әділеттің аға кеңесшісі («Халыққа қызмет ету жолындағы өмір»);

  • Шарипова Әсел Бостановна – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті («З.ғ.д., профессор Қ.А. Бегалиевтің ғылыми және педагогикалық мұрасы»);

  • Рүстемова Гаухар Рүстембекқызы – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері («Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың құқықтық тәуекелдері»);

  • Молдабай Сарқытбек Сәрсембайұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор («Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметін жетілдірудің жаңа векторы ретінде орнықты даму құқығы»);

  • Беков Қайрат Әділханұлы – заң ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры («Су қатынастарын құқықтық реттеудің кешенді мәселелері»);

  • Жақыш Әкерке Жеңісқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы («Кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық–тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері»);

  • Бегалиев Ернар Нұрланұлы – ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор («Гезелл айнасы арқылы жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері»).

Сондай-ақ қатысушылар назарына профессор Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің өмірі мен ғылыми қызметіне арналған деректі фильм ұсынылды.

Баяндамалар бойынша пікірталасқа жетекші ғалымдар, прокуратура, адвокатура және сот қауымдастығының өкілдері қатысты. Олардың қатарында:
М. Абиров, Г. Әлібаева, Т. Акимжанов, Ұ. Ахатов, И. Борчашвили, Р. Жансараева, Ж. Дильбарханова, А. Естаев, С. Иманбаев, Е. Қайнар, Т. Қаудыров, В. Малиновский, А. Мусабеков, С. Рахимжанова, А. Сабитова, А. Темірбеков, Д. Тлеубаев, Н. Турецкий және басқалар болды.


Конференция Қазақстанның құқықтық қауымдастығының ғылыми және кәсіби өміріндегі маңызды оқиға болды. Ол ұрпақтар сабақтастығын, отандық ғалымдардың ұлттық құқықты дамытуға қосқан үлесін және заң ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбегіне деген құрметті айқындады.