"Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл” Farabi University

"Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл” 

10 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 10 қыркүйегінде биология және биотехнология факультетінің 301-аудиториясында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған “Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл” атты ашық сабақ өтті.

Іс-шараны зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы Қонысбаева Айжан Әміржанқызы, сондай-ақ Биология- 6В05301 білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 25-13 және 25-14 топ студенттері ұйымдастырды.

Ашық сабақ барысында тілдің сақталуы мен дамуындағы әрбір азаматтың рөлі, Қазақстанның көптілді мәдениетінің байлығы, сондай-ақ тіл мен биология ғылымының өзара байланысы жөнінде қызықты ойлар ортаға салынды. «Тіл – біздің рухани ДНҚ-мыз, ол ұлт ретінде сапамызды айқындайтын генетикалық код іспетті» деген идея ерекше мәнге ие болды.

Іс-шара кафедра оқытушыларының белсенді қатысуымен өтті. Бұл кездесу мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ ғылым мен тілдің тәуелсіздігі мен маңызын көрсетуге бағытталды.