«Таза орта – тұрақты дамудың кепілі»Farabi University

«Таза орта – тұрақты дамудың кепілі»

20 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, зоология, гистология және цитология кафедрасының 1 курс студенттері (25-03, 25-04 топтар) қалааралық деңгейде өткізілген сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдау болды.

Студенттер сенбілік барысында аумақты тазалау, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстарына атсалысты. Мұндай шараларға қатысу жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, олардың экологияға деген көзқарасын жақсартуға ықпал етеді.Бұл тәжірибе студенттердің табиғатқа деген қамқорлығын көрсетіп қана қоймай, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласатынын дәлелдейді.

Эдвайзері : Тілешова М.Т