“Қазақтың оқуда кеткен есесі көп”Farabi University

“Қазақтың оқуда кеткен есесі көп”

3 қыркүйек, 2025

3 қыркүйекте Ақымет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы Арғынбек Құнанбайұлы Juz40 Community студенттеріне “Қазақтың оқуда кеткен есесі көп” тақырыбында дәріс оқыды. Келелі кездесуге оқу-білімге ынталы алматылық ЖОО студенттері қатысты. Жиын соңында жастар дәріскерге сұрақ қойып, студенттік өмірдің өзекті тұстары мен талапкер ескеруі керек әдет-дағды сөз болды. Дәрісте ұлт болашағы үшін еңбек қылған, оқулық жазған, ғылым ізденген ілгерідегі зиялылар өмірі мен оқуда зейін-зердемізді, ықылас-ынтамызды бөлетін факторлар талданды. Студенттерге талап пен таланттың парқы, ғылым-білімнің күзеті, ізденістің берекесі жайлы тұжырымды ұсыныстар айтылды. Дәріс діттемі – студенттерді ілімге, оқу-білімге құштар ету, бағдар беру.

https://www.instagram.com/reel/DPWiucoDdkP/?igsh=bjhjZDFjYnJ6OXV0