ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТӘЖІК ТІЛІ КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТЕДІ
6 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті 2025 ж. 7-қазан күні аясында ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, шығыстанушы-ғалым Қыдыр Төрәлі Еділбайұлының «ТМД елдерінің архивтеріндегі Қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген «Парсы-тәжік және қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар» атты кітабының таныстырылымын өткізгелі отыр.
Таныстырылымның мақсаты:
- Тәжік, парсы және және қазақ халықтары арасындағы мәдени, ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту;
- Тәжікстан, Иран және Қазақстанға ортақ ортағасырлық әдеби кеңістікті бірлесе зерттеуге жол ашу;
- Шығыс поэзиясын сүйетін көпшілік оқырманды жаңа кітаппен таныстыру.
Басқа жаңалықтар

10 қазан, 2025

10 қазан, 2025