ЦУР 6: Таза су және санитария,🔹 ЦУР 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология кафедрасы жанындағы 6B05102 – Биология білім беру бағдарламасының ББ23-09 және ББ23-08 топтарының студенттері Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай тазалық және экологиялық ағарту акциясын өткізді.
Іс-шара биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, куратор эдвайзер Мамурова Асем Тлеужанқызының жетекшілігімен өтті.
Акция барысында студенттер ҚазҰУ қалашығы мен жақын маңдағы жасыл аймақтарда қоқыс жинап, оны қайта өңдеуге жарамды және жарамсыз қалдықтарға сұрыптады. Сонымен қатар, студенттер арасында су ресурстарын сақтау, санитария, климаттың өзгеру себептері мен салдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Таза су және санитария – адамның денсаулығы мен тіршілігінің басты шарты. Су – өмірдің негізі, бірақ жаһандық деңгейде миллиондаған адамдар таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Су көздерінің ластануы, санитарлық жағдайлардың төмен болуы инфекциялық аурулардың таралуына әкеліп, халықтың әл-ауқатына кері әсер етеді. Сондықтан су ресурстарын қорғау және санитарияны жақсарту – адамзат алдында тұрған өзекті міндеттер.
Таза суға қолжетімділікті қамтамасыз ету – тұрақты дамудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол арқылы балалардың өлімін азайту, аурулардың алдын алу, әйелдер мен қыздардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсарту арқылы қоғамда әлеуметтік теңдік орнатады.
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес – бұл қазіргі заманғы жаһандық проблемалардың бірі. Климаттың жылынуы, ауа райының құбылмалы болуы, құрғақшылық пен су тасқындары сияқты экологиялық апаттар адам өміріне, ауыл шаруашылығына және биоалуантүрлілікке ауыр соққы береді. Парниктік газдардың, әсіресе көмірқышқыл газы мен метанның, атмосфераға көптеп шығарылуы климаттың өзгеруінің негізгі себебі болып табылады.
Бұл мәселені шешу үшін халықаралық деңгейде келісімдер жасалып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, көміртегі шығарындыларын азайту, ормандарды сақтау және қалпына келтіру сияқты шаралар қолға алынуда. Әрбір жеке адам мен қоғамдастық та энергияны үнемдеуге, қайта өңдеуге, экологиялық таза өнімдерді тұтынуға және табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы тиіс.
Таза су мен санитарияны қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес – бір-бірімен тығыз байланысты мәселелер. Су ресурстарының жетіспеушілігі климаттық өзгерістердің салдарынан асқынады, ал климаттың өзгеруі судың сапасы мен қолжетімділігін нашарлатады. Сондықтан осы екі бағыт бойынша кешенді әрекет жасау – тұрақты даму мен келешек ұрпақтың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Аталған шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының маңызды бағыттарын –
🔹 ЦУР 6: Таза су және санитария,
🔹 ЦУР 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
мәселелерін көтеріп, студенттердің экологиялық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Шараға 30-дан астам студент қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың нақты үлгісін көрсетті. Бұл акция университеттің "Жасыл кампус" қағидаларын жүзеге асырудағы тағы бір сәтті қадамы болды.
📍 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
📅 20 қыркүйек 2025 жыл
👥 Ұйымдастырушылар: ББ23-09 және ББ23-08 топтарының студенттері
👩🏫 Куратор эдвайзер: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Әсем Тлеужанқызы
🔗 #ЦУР6 #ЦУР13 #WorldCleanupDay #Экология #ЖасылҚазҰУ
Ботаника және агроэкология кафедрасы