Аштық – бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі

Аштық – бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының екіншісі дәл осы аштықты жоюға бағытталған. Бұл мақсатқа жету үшін халықты жеткілікті әрі сапалы тағаммен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту қажет. Бүгінде миллиондаған адам аштықтан зардап шегуде, олардың көбі балалар мен қарттар. Аштықтың себептері – кедейлік, қуаңшылық, табиғи апаттар және әлеуметтік теңсіздік. Сондықтан мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып, жаңа технологияларды енгізіп, фермерлерге қолдау көрсетіп, әділ сауда жүйесін дамытуы тиіс. Аштықты жою – тек азық-түлікпен қамтамасыз ету ғана емес. Бұл – денсаулықты сақтау, білімге жол ашу және кедейлікті азайтудың да кепілі. Әр адамның құнарлы тағамға қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету – адамзат алдындағы басты міндеттердің бірі.
07.10.25 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің «Шетел филологиясы» мамандығында оқитын 4-курс студенттері Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының «Әлеуметтік қызметтер үйіне» кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында елімізде көрссетіліп жатқан әлеуметтік көмектер, жұмыспен қамту мәселелері жайлы “Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы” КММ-нің директоры Әділет Жаңабаев пен Мансап орталығының Ізденушілерді қолдау бөлімінің басшысы Әбікен Сейілхан Ерланұлы өте кеңінен айтып, түсіндіріп берді.
Жалпы мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік көмектің мына түрлері болады:
-
- Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар
(мысалы: бала тууға, бір жасқа дейінгі бала күтіміне, көпбалалы аналарға). - Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы
(мүгедектік тобына байланысты). - Жасына байланысты жәрдемақы
(зейнетақы немесе жасы бойынша төленетін төлемдер). - Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы.
- Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға беріледі.
- Бұл көмек отбасының табысы мен күнкөріс минимумының айырмасы ретінде есептеледі.
- Азаматтардың коммуналдық төлемдерін төлеуге арналған көмек.
- Төтенше жағдайлар, ауру, жұмыссыздық сияқты өмірлік қиын жағдайларда жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіледі.
- Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар
Әлеуметтік көмек көрсету арқылы әлемдік мәселеге айналып отырған аштықты болдырмауға, жоюға бағытталған іс-шаралардың бір парасы болып саналады. Аштықты жою – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі. Бұл мәселені шешу тек азық-түліктің қолжетімділігіне ғана емес, бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде аштықты жою бойынша қабылданып жатқан шаралар әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Әрбір адамның жеткілікті тамақтану құқығы бар, ал бұл құқықтың сақталуы әлемдегі тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі бола алады. “Нөлдік аштық” мақсатына жету – тек игі мақсат емес, бұл болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.
Ұйымдастырушы: Байелі Ә.Ж.