ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»
🌆✨ 2025 жылы 9 қазан айында Тұрақты даму мақсаты (ТДМ 11) «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д. 105-эдвайзерлік тобының студенттерімен бірге қаламыздың жаңа мәдени көрікті жерлерін тамашалады. 💫
Сол нысандардың бірі — «Целинный» заманауи мәдениет орталығы. Бұл — суретшілерді, зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіріп, ашық ой-пікір алмасуға және сыни талқылауларға мүмкіндік беретін аймақтық бірегей институт. 🌍🎨
Орталықта маңызды жобалар жүзеге асырылуда:
📖 зерттеу платформасы Horizon
🎓 білім беру бастамалары
🏛 «Академик резиденцияда» бағдарламасы
📚 баспа бағдарламасы
Алматы қаласында заманауи мәдени ортаның дамып келе жатқанына біз мақтанамыз! 🌿 Бай тарихы бар сүйікті қаламыз әрдайым таңқалдырып, шабыт сыйлайды!
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
Басқа жаңалықтар