ТМД 4 “ Сапалы білім”Farabi University

ТМД 4 “ Сапалы білім”

20 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 20 қыркүйек күні Құқықтану мамандығының 404 топ студенттері мен  Куратор эдвайзер Оңдашұлы Ернұр. 
ТМД-4 “ Сапалы білім” аясында Almaty Museum of Arts — Заманауи Өнер Үйіне бардық. Жалпы музей жайлы ақпарат айтып кетсем:
Музейдің басты мақсаты — Орталық Азияның заманауи өнерін зерттеу, сақтау, көрсету, әлемдік өнер ағымымен байланыс орнату.  
Ашылу күні: 12 қыркүйек 2025  
Орны: Қазақстан, Алматы, Ал-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысы  
Ғимарат пен сәулет
 Ғимарат жобасын жасаған — британдық Chapman Taylor архитектуралық бюросы.  
 Ішкі көлемі шамамен 9 400–10 000 м²; екі “L” тәрізді құрылым: бір бөлігі алюминиймен қапталған, қала құрылысын білдіреді, екіншісі — тау жоталарына, Тянь-Шаньға құрмет ретінде, тасты (known limestone) төсейді.  
 Жарықханалы холл — Art Street — адамдары, өнер мен архитектура арасындағы байланысты күшейтеді. 
Жалпы алғанда өте көрнекті жер екен!

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы