
06 қазан күні Әл Фараби атындағы ҚҰУ филология факультетінің 17 -ші жатақханасында А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының қазақ филологиясы мамандығының 1 курс ҚҚТБ тобының студенттерінің ұйымдастыруымен « Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында іс -шара өтті. Басқосуда ата – жолын жалғап келе жатқан ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. 1 Қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз.Асылы,үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету -ата бабадан келе жатқан қасиет салтымыз.Қарттары бар ел -қазыналы ел. Ендеше,көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп,қай кезде де халқына-сүйеу,жұртына қамқор болып,жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей,балалары мен немерелерінің қызығын көріп,аман-сау күн кешкей. Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп,олардың барына шүкіршілік етейік. Атасыз үй-батасыз,ал анасыз үй-панасыз деп қорытындылап,осы күйге түсуден сақтасын бізді деген ой түйді!