ҚазҰУ студенттері Францияның Адам құқықтары жөніндегі елшісімен өткен құқықтық диалогқа қатысты. БҰҰ ТДМ 17Farabi University

ҚазҰУ студенттері Францияның Адам құқықтары жөніндегі елшісімен өткен құқықтық диалогқа қатысты. БҰҰ ТДМ 17

11 қазан, 2025

2025 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі» және «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған құқықтық диалогқа қатысты.

Іс-шара Сорбонна–Қазақстан институты базасында өтіп, оны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Иванович Рогов модерирледі.

 

Кездесудің басты спикері — Франция Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Изабель Ром ханым, адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдік және халықаралық құқықтың заманауи сын-қатерлері туралы француз тәжірибесімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері іс-шара тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, француз және ағылшын тілдерінде пікір алмасты. Бұл олардың жоғары тілдік дайындығы мен халықаралық құқықтық мәселелерге деген кәсіби қызығушылығын көрсетті.

ҚазҰУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының бұл шараға қатысуы университеттің БҰҰ-ның 17-тұрақты даму мақсатына – «Тұрақты дамуға серіктестік» қағидаттарына бейілділігін, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған ұстанымын айқындайды.