- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбайдың тұлғалық дәрісі
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбайдың тұлғалық дәрісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультетінің түлегі, тәжірибелі журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбайдың тұлғалық дәрісі К.Тоқаев атындағы 220-аудиториясында өтті. Кездесу модераторы - факультет деканы Қанат Әуесбай болды. Журналистика, кино және медиа, медиакоммуникация, баспа ісі мамандығында оқитын үздіктермен өткен кездесуде
Бибігүл Нұрғалиқызы алғашқы сөзін: «Құрметті сіңілілерім, болашақ әріптестерім!»- деп бастады. Себебі, ол өзі де осы факультеттен түлеп ұшып, өздері секілді студент болғанын сағынышпен еске алды. Студенттер қойған әрбір сауалға ыждаһатпен жауап беріп, «Хабар» арнасында жүріп өткен жолдарымен және тәжірибесімен бөлісті. «Журналист - ең алдымен әділ, шыншыл және жауапты болуы керек. Ол қоғам алдындағы борышын сезініп, ақпаратты дәл әрі тексерілген күйде жеткізуі тиіс. Ең бастысы — ол халықтың сенімін ақтайтын, адал сөз иесі болуы керек»- деді ол. Кездесу соңында студенттермен естелікке фотоға түсіп, факультетті аралады және қайта жөндеуден өткен М.Барманқұлов атындағы телестудияның ашылуына қатысып, сұқбат берді.
Нұрлыайым ДАНАЕВА,
PhD, аға оқытушы.
Басқа жаңалықтар


