ҚазҰУ-де бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қабылдау өттіFarabi University

ҚазҰУ-де бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қабылдау өтті

11 қазан, 2025

10 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры ғимаратының алдындағы алаңда бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бұл – жыл сайын дәстүрге айналған, студенттердің үлкен де тату ҚазҰУ отбасына қосылғанын білдіретін маңызды мереке.

Концерттік бағдарламада түрлі факультеттердің шығармашылық ұжымдары мен студенттері өнер көрсетті. Қытайтану кафедрасының студенттері ерекше белсенділік танытып, көрермендерге жарқын әсер қалдырды.

Сахнада Қытайдан келген шетелдік студенттердің музыкалық нөмірі ерекше ықыласпен қабылданды. Олар орындаған қытай әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.

Мерекелік көңіл күй мен студенттердің шат күлкісі бұл күнді ұмытылмас етті. Посвящение салтанаты ҚазҰУ-де студенттік рухты, достық пен мәдени байланыстарды нығайтудың айқын көрінісіне айналды.