Rixos Almaty серіктес өндіріс базасында сабақтар өтуде
Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы студенттерінің сабақтары серіктес өндіріс орны Rixos Almaty қонақ үйінде өтуде.
Бұл сабақтардың басты мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін нақты өндірістік ортада бекіту және қонақ үй сервисі саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту. Сабақтарды кафедраның аға оқытушысы Актымбаев Б.И. жүргізеді. Ол студенттерге Rixos Almaty қонақ үйінің қызмет көрсету стандарттары мен басқару ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, мамандыққа сай практикалық білім беруде.
Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің еңбек нарығына дайын, кәсіби тұрғыдан білікті маман болып қалыптасуына зор мүмкіндік береді. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаты 4 – «Сапалы білім беру» бағытымен үндесіп, студенттердің тәжірибелік дағдыларын арттыру арқылы кәсіби білім сапасын көтеруге үлес қосады.
Басқа жаңалықтар