Есік көліне саяхатFarabi University

Есік көліне саяхат

13 қазан, 2025

12 қазан күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Zhastour» клубының  бастауымен Іле Алатауының көрікті туристік бағыттары – «Аюлы» сарқырамасы және «Есік» көліне саяхат  ұйымдастырылды. Бұл саяхатқа кафедраның оқытушылары Бейсахмет А.А., Есенов М.Н., Әділбай Б.С. жетекшілік жасады.

Студенттер Түрген шатқалының ең танымал туристік обьектісі – Аюлы сарқырамасы және өзімен аттас шатқалда орналасқан «Есік» көлі жайлы қызықты ақпараттар алып, ашық аспан аясында серуен құрып, бой сергітті.

Бұндай шаралар әртүрлі курс студенттері арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, ұжымдық рухты нығайтады, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары курс студенттері өз білімдері мен дағдыларын бөлісіп, төменгі курс студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар берді.

Бұл шара Тұрақты даму мақсаттарының 4, 13 және 15«Сапалы білім беру», «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» және «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыттарымен үндесіп, экологиялық жауапкершілігі жоғары, білімді әрі тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын мамандарды даярлауға үлес қосады.