Жасанды интеллект және Тұрақты даму мақсаттары: жастардың жаңа мүмкіндіктері
14.10.2025 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М. Жапаков заң факультетінің белсенді студенттерімен «Жасанды интеллект және Тұрақты даму мақсаттары: жастардың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға заң факультетінің деканы, з.ғ.к., профессор У.А.Ахатов, кафедра меңгерушісі, з.ғ.д.,профессор Г.А. Қуаналиева және кафедра профессор-оқытушылары қатысып, жасанды интеллекттің қоғамдағы рөлі мен жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелерін атап өтті.
Шараның мақсаты – студенттерге жасанды интеллект пен тұрақты даму мақсаттарының өзара байланысын түсіндіру және оларды инновациялық технологияларды тиімді қолдануға ынталандыру. Қатысушылар технологиялардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы ықпалын талқылап, жастардың осы үдерістерге белсенді қатысу қажеттігін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында жасанды интеллекттің тұрақты даму бағытындағы әлеуеті мен оның әлеуметтік әділеттілік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары қаралды. Сонымен қатар, технологияның этикалық аспектілері мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мүмкіндіктері де сөз болды. Бұл шара студенттерге болашақта технология мен қоғам арасындағы үйлесімділікті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шабыт берді.