ТДМ №4 – Баршаға сапалы білім беру аясында экологиялық саяхат
2025 жылдың 8 қазанында Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) №4 – «Баршаға сапалы білім беру» бағыты аясында заң факультетінің 2-курс студенттері үшін Достық бағына экологиялық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Қуаналиева мен PhD доктор Г.К. Рашева жетекшілік етті. Экологиялық саяхат барысында студенттерге табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Саяхат аясында «Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бойынша парниктік газдарды реттеу» тақырыбында танымдық талқылау өтті. Талқылау барысында профессорлар студенттерге елдегі экологиялық саясаттың құқықтық негіздері, парниктік газдарды шектеу мен реттеу тетіктері, сондай-ақ жаһандық климаттық өзгерістердің құқықтық аспектілері жөнінде мазмұнды ақпарат берді.
Шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық құқық саласындағы білімін тереңдету, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрақты дамуға үлес қосу болды.
Іс-шара соңында студенттер табиғат аясында алған әсерлерімен бөлісіп, экологиялық құқықтың қоғам өміріндегі өзекті рөлін ерекше атап өтті. ЦУР №4 –