География және табиғатты пайдалану факультетінде  Француз орталығының таныстырылымы өттіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінде  Француз орталығының таныстырылымы өтті

14 қазан, 2025

2025 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География факультетінде Француз орталығының ресми таныстырылымына арналған іс-шара өтті. Шара 3-оқу ғимаратының үлкен акт залында ұйымдастырылды. Оған факультет студенттері, оқытушылар және орталық өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет студенттерін Францияда білім алу мүмкіндіктерімен, академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен және француз тіліне қатысты білім беру ресурстарымен таныстыру.

Презентация барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша ақпарат алды:

  • Францияда оқу мүмкіндіктері мен студенттерге арналған стипендиялық бағдарламалар;
  • Француз тілі курстарының ашылуы;
  • Әңгімелесу клубтары мен киноклубтардың жұмысы;
  • Француз азаматтарымен кездесу және мәдени байланыстарды нығайту шаралары.

Француз орталығының жұмысы – студенттердің тіл үйренуге, шетелде білім алуға деген ынтасын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әріптестікті кеңейтуге бағытталған. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, орталық жұмысына қызығушылық білдірді.