- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Д.Д. Дүйсенбековтың ғылыми мұрасына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Д.Д. Дүйсенбековтың ғылыми мұрасына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

2025 жылдың 4 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым-педагог, профессор Дәулет Дүбекұлы Дүйсенбековты еске алуға арналған «Құқықтық психология: теориясы, тәжірибесі және болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде психологиялық және құқықтық білімдерді біріктіретін пәнаралық сала – құқықтық психологияның өзекті мәселелерін тереңірек зерттеу және талқылау басты назарда болды. Қатысушылар әртүрлі салалардағы, соның ішінде сот сараптамасы, құқық қорғау қызметі, қылмыстық және азаматтық процеске қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету сияқты құқықтық психологияның теориялық негіздерін, заманауи әдістерін және практикалық қолданылуын қарастырды.
Іс-шара Ресей, Беларусь, АҚШ, Канада, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен практиктері арасында тәжірибе алмасу алаңы болды. Қатысушылар профессор Д.Д. Дүйсенбековтың қалап кеткен Қазақстандық құқықтық психологияны дамытудың маңыздылығын ерешке атап өтті.
Профессордың шәкірттері мен әріптестері оның кәсіби қызметі мен ұстаздық шеберлігі туралы естеліктерімен бөлісіп, оның ғылыми мұрасы зерттеушілер мен практиктердің жаңа буынын шабыттандыруды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Дөңгелек үстел ғылыми қоғамдастық үшін маңызды оқиға болды және қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің маңызды бағыты - құқықтық психологияны дамытудың жаңа перспективаларын ашты.