География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері ТМД елдерінің қолданбалы демографиясы бойынша II Халықаралық жазғы мектепке қатыстыFarabi University

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері ТМД елдерінің қолданбалы демографиясы бойынша II Халықаралық жазғы мектепке қатысты

9 қазан, 2025

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері ТМД елдерінің қолданбалы демографиясы бойынша II Халықаралық жазғы мектепке қатысты

«География» мамандығының 4-курс студенттері Заитова Ясмин мен Маутказина Меруерт ТМД елдерінің қолданбалы демографиясы бойынша II Халықаралық жазғы мектепке қатысты. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық саны қоры (ЮНФПА) мен Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және Беларусь мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен, география ғылымдарының докторы, профессор Антипова Е.А. жетекшілігімен өтті.

Мектеп бағдарламасы демография саласындағы талдамалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған қарқынды дәрістерді, практикалық сабақтарды және топтық жобаларды қамтыды.

Біздің студенттер жоғары деңгейдегі білім мен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті:
• командамен жұмысқа белсене қатысып, жетекшілік рөл атқарды;
• бастамашылдық пен жеке көшбасшылық қасиеттерін танытты.

Айта кету керек, Заитова Ясмин мектеп қорытындысы бойынша сарапшылар қазылар алқасының шешімімен II Халықаралық жазғы мектептің көшбасшысы деп танылды.

📈 ТМД елдеріндегі демографиялық сын-қатерлер күшейіп жатқан қазіргі жағдайда мұндай білім беру бастамаларының маңызы ерекше артып келеді. ЮНФПА @unfpa @unfpabelarus қолдауымен және Беларусь ұлттық институттары мен Беларусь мемлекеттік университетімен @oficial.bsu әріптестікте өткен жазғы мектеп жас зерттеушілер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, геодемография саласындағы жаңа буын мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.