Қош келдің, 1-курс! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Қош келдің, 1-курс!» атты мерекелік кеш өттіFarabi University

Қош келдің, 1-курс! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Қош келдің, 1-курс!» атты мерекелік кеш өтті

15 қазан, 2025

2025 жылдың алтын күзінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, 1-курс!» атты ерекше іс-шара өткізілді.

Бұл кеште жас буын студенттерге жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, шат-шадыман көңіл күй орнады.

Іс-шара барысында кафедра меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Абелдаев Жеңіс Акимбекұлы университетке түсу – болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Үлкен табандылық пен қажымас қайратты талап ететін студенттік кезеңде жастарды үздіксіз еңбектенуге шақырды. Кафедраның аға оқытушысы Нұрат Ілияс бірінші курс студенттерін құттықтап, білім шыңына жету жолында сәттілік тіледі.

Үлкен мүмкіндіктердің есігі айқара ашылған жаңа өмірдің бастауындай болған бұл кеш жастарға керемет әсер қалдырды.

А.Т. Кыркымбекова