- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында Республика күніне орай «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлік пен егемендік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қытайтану кафедрасында Республика күніне орай «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлік пен егемендік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
 
                      15 қазан күні сағат 17:00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында Рсепублика күніне орай «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлік пен егемендік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Іс-шараны PhD. докторы Сапарбаева Нұржан жүргізді. Дөңгелек үстелге 1 және 2 курс докторанттары қатысып, жаһандану жағдайындағы ұлттық бірегейлікті сақтау, тіл мен мәдениет тұтастығын нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында қатысушылар ұлттық болмысты сақтаудың ғылыми және рухани негіздері жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, егемен елдің болашағын айқындайтын мәдени және идеологиялық бағыттардың маңыздылығы талқыланды.
     Іс-шара соңында докторанттар мұндай тақырыптардың жас зерттеушілер үшін өзекті екенін атап өтіп, жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау бағытындағы ғылыми ізденістердің жалғаса беретініне сенім білдірді.
 
         
                                 
                                