Ашық кураторлық сағат: «Лайықты еңбек – тұрақты дамудың негізі»Farabi University

Ашық кураторлық сағат: «Лайықты еңбек – тұрақты дамудың негізі»

15 қазан, 2025

2025 жылғы 15 қазанда Түркітану және Тіл теориясы кафедрасында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3-курс бакалавриат студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – «Лайықты еңбек – тұрақты дамудың негізі».

Кураторлық сағаттың мақсаты – тұрақты даму мақсаттарына сәйкес еңбек қатынастарының әділ әрі қауіпсіз үлгісін ұсыну, экономикалық өсудің маңызын талқылау, сондай-ақ студенттердің кәсіби этикаға және тұрақты мансаптық дамуға деген түсінігін қалыптастыру.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) пікірталас жүргізілді. Бұл пікірталас студенттердің лайықты еңбек туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау және өз көзқарасын дәлелдей білу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және Тіл теориясы кафедрасының оқытушылары – М. Жамбылқызы, М. Мұхатова.