- Басты бет
- Жаңалықтар
- Саясаттанушы-доктораннтар «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті шешім немесе қажетті шара» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Саясаттанушы-доктораннтар «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті шешім немесе қажетті шара» атты дөңгелек үстелге қатысты.

2025 жылдың 14 қазанында 1 курс саясаттанушы-докторанттары Нұрлы Марасулов пен Азамат Мейрамов Орталық Азиядағы Роза Люксембург қорымен бірлесе «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ ұйымдастырған «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті шешім немесе қажетті шара» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Саясаттану және саяси технологиялар» кафедрасының докторанттары тиімді жұмыспен қамтуды/өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудегі және қаржылық тұрақтылық пен әл-ауқатын жақсартудағы микрокәсіпкерліктің рөлін зерттейтін жобаның ұсынылған нәтижелерімен танысып, Қазақстандағы микрокәсіпкерлік қызметтің рөлін талқылады.
Докторанттар түрлі қалалардағы микрокәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаудағы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың рөлі және жекелеген қалалардың тәжірибесін басқа өңірлерге көшіру перспективалары туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ шарада олар кәсіпкерлікті зерттеушілермен және белсенді микрокәсіпкерлермен, бизнес-тренерлер қауымдастығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Республика» партиясының өкілдерімен пікір алмасты. Бұл кәсіпкерлер мен шағын және шағын бизнеске қолдау мен көмек көрсететін ұйымдардың өкілдерін жинап, өз пікірлерін ортаға салды.