Білікті жастар-Қазақстан Республикасының болашағының кепілі
Республика күніне орай 6B05206 «Табиғи-техногендік тәуекелдер» білім беру бағдарламасының студенттерімен патриоттық бағыттағы ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, ел тарихына және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлік пен тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін дамыту.

Сабақ барысында студенттер Республика күнінің тарихи маңызын, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдерін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салалардағы жетістіктерін талқылады. Ерекше назар жас ұрпақтың мемлекеттілікті нығайтудағы және ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөліне аударылды. Ашық пікір алмасу мен белсенді қатысу атмосферасы студенттердің патриоттық көзқарасын қалыптастыруға және ел болашағы үшін жеке жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар