Art терапия форматындағы мерекелік іс-шараFarabi University

Art терапия форматындағы мерекелік іс-шара

20 қазан, 2025

Қазан айының 20 жұлдызында География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттері және топ эдвайзерлері Әділбай Б.С., Иманбекова Б.Т. қатысуымен Республика күні мерекесінің қарсаңында іс-шара өтті.

Бұл шара  Art терапия форматында  «Бейбітшілікке бастар жол» тақырыбында ұйымдастырылды. Студенттер шара барасында тақырыпқа сай, түрлі-түсті қаламдармен сурет салып, сол суреттер арқылы өз ойларымен бөлісті.

Арт-терапия — бұл адамның ішкі жан дүниесін, сезімдерін, эмоцияларын шығармашылық (сурет салу, мүсіндеу, музыка, би, драма және т.б.) арқылы білдіруге және сол арқылы психологиялық, эмоционалдық сауығуға бағытталған психотерапия әдісі. Қазіргі таңда арт-терапия клиникалық психологияда, білім беру (мектептер мен университеттерде) мен әлеуметтік салада кеңінен қолданылды.