“Метеорология” оқу бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрындаFarabi University

“Метеорология” оқу бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында

20 қазан, 2025

17-қазан күні “Метеорология” оқу бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері рухани даму мақсатында, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру үшін Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында “Бір түп алма ағашы” спектаклін тамашалады. Қойылым режиссеры ҚР еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері Мұрат Ахманов. Спектакльдің мақсаты балалар өсіп, ержетіп, бойжетіп, өз отбасыларын құрғаннан кейін түп-тамырынан ажырмай, ата-анасынан нәр алу, баталарын алып, көгеру, өсіп-өну. Мағынасы терең, жастарға айтар ойы бар, берер тәлім-тәрбиесі бар қойылымды тамашалау барысында студенттер толғанып, көздеріне жас алды.

«БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» (драма)

Күтімсіз  гүл  де  солады,  ағаш  та  қурайды.
Мейірім  нәрін  молынан  сіңірген  мәуелі  ағаш  жемісін  көбірек  салады.  Күретамырдан  тараған  қуат  күшін  әр  бұта  өзіне  қажетті  мөлшерде  ғана  қабылдай  алмаса,  жапырақ  сарғаяды,  бұта  да  сынады,  алып  ағаш  та  құлайды.  Адам  да  солай…  Береке-бірлік,  татулық  болмаған  отбасында  жүректің  жылуы  қайдан  болсын?!

«Өмір…  Өмір…  Өмір  бәрібір  өз  дегенін  істемей  қоймайды.  Тағдырмен  күресу  үшін,  таусылмас  күш,  талмас  қажыр-қайрат  керек.
Адамдар  ержетіп,  шаңырақ  көтеріп  бөлек  шыққан  соң  бір-бірінен  суынып,  бауырлар  бөтенсіп  кетуі  керек  пе?  Ондай  заңды  кім  шығарды?!  Әлде,  бұл – табиғаттың  заңы  ма?..  Олай  болса,  ондай  заңның  көк  тиынға  керегі  не?!..»

Қоюшы-режиссер – Мұрат Ахманов ҚР еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері
Қоюшы-суретші – Серікқан Омаров ҚР Мәдениет қайраткері
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев Қазақстан Жастар Одағы «Серпер»  сыйлығының лауреаты
Музыкамен көркемдеуші -Торғын Рақымбаева Мәдениет саласының үздігі