Университет құрылымы және студенттің оқу үрдісіндегі рөлі
Тұрақты даму мақсаттарының бірі «4 – сапалы білім беру» аясында – «6В07301-Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 2-курс қазақ тобының студенттеріне тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Университет құрылымы және студенттің оқу үрдісіндегі рөлі».

Іс-шараның мақсаты – студенттерге университет құрылымы, факультеті мен кафедрасы туралы толық мағлұмат беру. Сонымен қатар, оқу үрдісіндегі студенттің рөлін түсіндіру арқылы олардың білімге, университет өміріне, өзіндік жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыру, академиялық адалдық, тәртіп пен мәдениетке баулу.
Қорытындылай келе, студенттер университет құрылымымен және оқу үрдісіндегі өздерінің маңыздылығымен жан-жақты танысты. Олар өз міндеттерін жақсы түсініп, оқу мен тәрбиеге деген жауапкершіліктерін сезіне білді. Іс-шара соңында студенттер университеттің академиялық саясатына бағынуды, оқу үрдісіне жауапкершілік танытуды, өз факультеті мен кафедрасына және мамандығына құрметпен қарауды, білім ордасының қоғамдық жұмыстарына белсене қатысуды ұғынды.
Басқа жаңалықтар