ТДМ №17: ҚазҰУ-да белсенді жастармен кездесу өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажданбек университеттің белсенді студент жастарымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық жобаларға тарту болды.
Азиз Қажданбек өз сөзінде жастардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Ашық форматта өткен еркін диалог жылы әрі достық атмосферада өрбіді.
Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірлескен жобалар мен жастар бастамалары туралы ұсыныстар білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
Осындай кездесулер студенттердің қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

