- Басты бет
- Жаңалықтар
- QS рейтингі бойынша оқыту семинары Биология және биотехнология факультетінде өтті
QS рейтингі бойынша оқыту семинары Биология және биотехнология факультетінде өтті
20 қазан 2025 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінде (каб. 216) Университеттің Стратегиялық даму орталығының директоры Гүлзира Василина QS халықаралық рейтингі жүйесі бойынша оқу-семинар өткізді. Іс-шараға факультет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Семинар барысында QS бағалау методологиясының негізгі көрсеткіштері түсіндірілді: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, дәйексөздер саны, оқытушы-студент арақатынасы, халықаралық әріптестік және орнықтылық (sustainability) көрсеткіштері. Сондай-ақ деректерді уақтылы және сапалы жинау, факультеттік индикаторлар картасын құру, ғылыми жарияланымдар мен жұмыс берушілермен байланыстарды күшейту бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Факультет ұжымы семинар нәтижесінде келесі әрекет жоспарларын айқындады:
-
деректерді жинау және верификациялау бойынша жауапты тұлғаларды бекіту;
-
ғылыми басылымдар мен бірлескен жобалар көрсеткіштерін жүйелі мониторингтеу;
-
халықаралық серіктестік пен академиялық мобильділікті кеңейту.
Оқиға күні: 20.10.2025
Өткізу орны: Биология және биотехнология факультеті, 216-кабинет
Ботаника және агроэкология кафедрасы