Халықаралық алма күніне орай «Таңғы студияда» ҚазҰУ профессорлары сұхбат бердіFarabi University

Халықаралық алма күніне орай «Таңғы студияда» ҚазҰУ профессорлары сұхбат берді

21 қазан, 2025

Алматы, 21 қазан 2025 ж. — «Алматы» телеарнасының «Таңғы студия» бағдарламасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.З. Ахтаева және кафедраның құрметті профессоры А.Т. Қанаев Халықаралық алма күніне орай сұхбат берді. Эфир барысында алма туралы қызықты фактілер, Қазақстанның алманың отаны ретіндегі орны, сондай-ақ студенттерді ғылымға ынталандыратын оқиғалар сөз болды.

Спикерлер алманың биологиялық әртүрлілігі, қалалық жасылдандырудағы маңызы және экологиялық ағартудың рөліне тоқталды. Сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми жобалары және қоғамды салауатты тамақтануға ынталандыратын бастамалар атап өтілді.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы