- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 – Сапалы білім аясында «Республика күні: Тәуелсіздіктің жетістіктері және Жаңа Қазақстанның даму келешегі» атты ашық сабақ өтті
ТДМ 4 – Сапалы білім аясында «Республика күні: Тәуелсіздіктің жетістіктері және Жаңа Қазақстанның даму келешегі» атты ашық сабақ өтті
2025 жылдың 20 қазанында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-міндеті – «Сапалы білім» бағыты аясында «Республика күні: Тәуелсіздіктің жетістіктері және Жаңа Қазақстанның даму келешегі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Іс-шара «6В05105 – Генетика» мамандығының бірінші және төртінші курс студенттері мен олардың кураторлары Ырғынбаева Ш.М. және Шәлтенбай Г.Н. ұйымдастыруымен өтті.
Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметін арттыру, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму бағыттарын талқылау болды.
Сабақ барысында қатысушылар Республика күнінің тарихи маңызы, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері және болашаққа арналған стратегиялық мақсаттар туралы баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.


Іс-шара студенттердің отансүйгіштік рухын нығайтып, ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар