«Менің қалам – Алматы мәдениет пен өнерде»
2025 жылғы 6 қазанда Ақпараттық технологиялар факультетінде 1 курс студенттерінің және Қайратқызы Динараның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның тақырыбы – Алматы қаласының Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесін талқылау болды. Шара барысында қатысушылар Алматының мұражайлары мен көрікті жерлері туралы бейнеролик көрсетті. Сондай-ақ, қалаға арналған әндер мен фильмдер туралы әңгімеледі. Бұл тақырып студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, Алматының мәдени мұрасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында тарихи-мәдени мұралардың орнықты әрі үйлесімді қалалық кеңістік қалыптастырудағы маңызы ерекше атап өтілді. Қатысушылар Алматы қаласының ел мәдениетінің орталығы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Іс-шара жылы әрі жемісті атмосферада өтіп, студенттердің идеялармен алмасуына және көзқарастарын кеңейтуге ықпал етті.